
Қазақша 17
ҚОСЫМШАЛАР
Қолдану барысында
ЕСКЕРТПЕ
• Өнім функциялары үлгі түріне байланысты
әр түрлі болуы мүмкін.
• Шаң тазалайтын шөткені немесе сүйір
құралды пайдаланғанда, шаңсорғышта
діріл пайда болғанын сезінуіңіз мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
• Ашаны розеткадан суырғанда, сымынан
тартып емес, ашасынан ұстап суыру керек.
• Шаңсорғышты алып жүрген кезде
шаң сауытының тұтқасындағы түймені
баспаңыз.
• Өнімді орнына қою үшін, корпус
астындағы кішкентай саңылаудағы
еденге арналған түтікшені тиісінше
орналастырыңыз.
Тазалау және күтім көрсету
ЕСКЕРТПЕ
• Шаң сүзгісін тазалау үшін, жылымшы суға
бейтарап жуғыш заттан қосып, сүзгіні жуу
алдында 30 минут жібітіп қойыңыз.
• Шығыс сүзгісін сумен жумаңыз.
• Шығыс сүзгісін жақсы күйде ұстау үшін,
оны жылына бір рет ауыстырыңыз.
• Едендерге сызат түсірмеу үшін шөткенің
күйін тексеріп, тозған болса ауыстырыңыз.
• Қосалқы сүзгілерді жергілікті Samsung
қызмет агенттерінен алуға болады.
• Қуат сымын ұстап тұрып, Сымды орау
түймесін басыңыз, себебі, сымды орау
барысында босап кетсе, жарақат алуыңыз
мүмкін.
• Қуат сымы дұрыс оралмаса, сымды қайта
2 ~ 3 м тартып шығарғаннан кейін Сымды
орау түймесін қайта басыңыз.
• Шаң сауытын босату және тазалау үшін
шаң сауытын суық сумен жуу қажет болуы
мүмкін.
• Шаң сору қарқының қуаты үздіксіз
төмендесе, "Шаң сүзгісін тазалау" бөлімін
қарап, шаң сүзгісін тазалаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
• Шаң сүзгісін шаңсорғышқа қайта салар
алдында әбден кепкеніне көз жеткізіңіз.
– 12 сағат кептіріп қойыңыз.
• Шаң сүзгісі майысып немесе өңсізденбеу
үшін күннің көзіне емес, көлеңкеге қойып
кептіріңіз.
• Шаң сору қарқыны үздіксіз төмендесе
немесе шаңсорғыш қатты қызып кетсе,
шығаберіс сүзгіні тазалаңыз.
• Шаң сүзгісін теріс құрастырса, шаң сору
қарқыны әжептәуір төмендеуі мүмкін.
• Түтіктегі бөгде заттарды ала алмасаңыз,
жақын жердегі қызмет көрсету агентіне
хабарласыңыз.
• Шаңсорғыш деформацияланып немесе
өңсізденіп қалмау үшін көлеңке жерде
сақтаңыз.
Ескертпелер мен ескертулер
ҚОСЫМШАЛАР
3_VC2100_KK_00758F-01_CIS.indd 17 2016-12-21 오후 2:37:27
Comentarios a estos manuales