
Қазақша 7
ДАЙЫНДЫҚ
• Шаңсорғышты сіріңкені, ыстық күлді немесе темекі тұқылын тазалау үшін
қолданбаңыз. Шаңсорғышты пештен және басқа қызу көздерінен алыс
ұстаңыз. Қызудың әсерінен құрылғының пластик бөліктерінің өңі кетуі немесе
деформациялануы мүмкін.
• Қатты, өткір заттарды шаңсорғышпен тазаламаңыз, себебі шаңсорғыштың
бөлшектеріне нұқсан келтіруі мүмкін.
• Ауа соратын немесе шығаратын саңылауларын бітемеңіз.
• Шаңсорғышты шаң қалтасын және сүзгілерді салмай қолданбаңыз.
• Тозған, бүлінген не зақымдалған сүзгілерді қолданбаңыз. Сүзгіні дұрыс
орнатыңыз.
– Бұл шаң мен қоқыстың моторға енуіне себеп болуы мүмкін.
• Газ жылыстап ақса немесе шаң тазалағыш тәрізді тұтанғыш спрейді
пайдалансаңыз, розеткаға қол тигізбеңіз және бөлмені желдету үшін
терезелерді ашыңыз.
– Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
• Шаңсорғышты ғимараттардың ішіндегі қоқыстар мен қалдықтарды, лазер
принтерінің ұнтақ бояғыш затын тазалау үшін қолданбаңыз. Сүзгілерге өте
ұсақ шаң жиналып қалмас үшін уақытылы тазалап отырыңыз.
• Құрғақ кілем тазалағаштар немесе сергіткіштер, ұнтақтар және ұн сияқты ұсақ
шаңды шаңсорғышпен өте аз мөлшерде тазалау керек.
• Баспалдақтарды ерекше күтіммен тазалаңыз.
• Суды сорғызып алу үшін пайдаланбаңыз.
• Тазалау үшін суға батырмаңыз.
• Бұл түтікті үнемі тексеріп, зақым келсе пайдаланбау керек.
• Сым орауышына ораған кезде ашаны ұстап тұрыңыз. Ораған кезде ашаның
оралып қалуына жол бермеңіз.
3_VC2100_KK_00758F-01_CIS.indd 7 2016-12-21 오후 2:37:23
Comentarios a estos manuales