Samsung HG65EC890VB Manual de usuario Pagina 61

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 66
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 60
61
Казақ
Қабырғалық аспа жинақты орнату
Қабырғаға немесе төбеге орнату
Егер құрылғыны қабырғаға орнатсаңыз, өндіруші ұсынған жолмен орнату керек. Егер дұрыс
орнатылмаса, құрылғы жылжып немесе құлап қалып, баланы немесе ересек адамды қатты
жарақаттауы, құрылғыға елеулі зақым келтіруі мүмкін.
Қабырғалық аспа жинағын орнату
Қабырғалық аспа жинақ (бөлек сатылады) ТД-ды қабырғаға орнатуға мүмкіндік береді.
Қабырғалық аспа жинақты орнату үшін ТД-ды қорғау үшін оның орам материалдарымен бірге келген көбікті
пайдаланыңыз. ТД-ды қойып, бұрандаларды тағыңыз.
Қабырғалық аспа жинақты орнатуға қатысты толық ақпаратты, қабырғалық аспа жинақтың нұсқаулығынан оқыңыз.
Қабырғаға орнатылатын құрсауды орнына қондыру үшін техник маманға хабарласуды ұсынамыз. Өз бетіңізбен
орнатуды ұсынбаймыз. Samsung Electronics компаниясы құрылғыны өз бетіңізбен орнату нәтижесінде жарақат
алсаңыз не басқа адамдар зардап шексе немесе мүлікке нұқсан келсе, жауапкершілік көтермейді.
Қабырғалық аспа жинақ параметрлері (VESA)
Қабырғалық аспа жинақ жинаққа кірмейді, бірақ жеке сатылады.
Қабырғалық аспа жинақты қатты қабырғаға, еденге перпендикуляр етіп орнатыңыз. Басқа құрылыс материалдарына орнату
үшін, жақын жердегі дилерге хабарласыңыз. Төбеге немесе көлбеу қабырғаға орнатса құлап, адам қатты жарақат алуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ
Қабырғалық аспа жинақтың стандартты өлшемдері төмендегі кестеде көрсетілген.
Біздің қабырғалық аспа жинақты сатып алған кезде, оны орнатуға қатысты толық нұсқаулық пен барлық
керек - жарақтар беріледі.
VESA стандартының бұрандалар параметріне сай емес бұрандаларды қолданбаңыз.
Стандартты өлшемдерден ұзын бұрандаларды қолданбаңыз, себебі ТД ішіндегі бөлшектерге зақым
келуі мүмкін.
VESA стандартты бұрандалар спецификациясына сай келмейтін қабырғалық аспа жинақ қолданылса,
бұрандаларының ұзындықтары басқаша болуы мүмкін.
Бұрандаларды тым қатты қатайтпаңыз. Себебі құрылғыға зақым келуі немесе құрылғы құлап, адам
жарақат алуы мүмкін. Samsung бұндай қатерлі оқиғалар үшін жауапкершілік көтермейді.
V
ESA стандартына сай емес немесе ұсынылмаған қабырғалық аспа жинақ қолданылса немесе сатып алушы өнімді
орнату нұсқауларын орындамай, өнімге зақым келсе не адам жарақат алса, Samsung жауапкершілік көтермейді.
Осы ТД-ды орнатқанда 15 градустан асыра қисайтпаңыз.
дюйм VESA стан. (A * B)
Стандартты
бұранда
Саны
55
400 X 400 M8 4
65
Қабырғалық аспа жинақты ТД қосулы тұрғанда орнатпаңыз. Себебі электр тоғы соғып, адам жарақат алуы мүмкін.
Vista de pagina 60
1 2 ... 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios