
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және
олар құрылғының нақты көрінісінен өзгеше болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасы
алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Нұсқау
Бұл құрылғы ТД-ға қосылған set-back box (SBB/STB) және қонақ үй және басқа қонақтарға қызмет көрсететін қызметтердің
компьютермен басқарылатын жүйесіндегі басқа ТД-лар арқылы ұсынылатын интерактивті функциямен жабдықталған.
Interactive: ТД ең алғаш тоққа қосылғанда SBB/STB құрылғысын анықтау үшін пәрмен жібереді; егер анықталса, ТД ONLINE
режиміне ауысады да, барлық басқару тек SBB/STB арқылы ғана іске асырылады.
Егер ТД ONLINE режимінде болса, IR(Samsung қашықтан басқару пульті) пәрмендерін қабылдауды тоқтатады да,
интерфейс протоколына сай әрекет етеді.
Stand-Alone: Егер SBB/STB анықталмаса, ТД-ды қызметі шектеулі STAND-ALONE режиміне қосу керек.
Жұмыс режимдері
Осы ТД (Қонақ үй режимінде) SBB/STB құрылғысымен жұмыс істесе, келесі екі күйдің бірінде болады:
• ONLINE немесе STAND-ALONE. STAND-ALONE режимінде ТД белсенді байланысты пайдаланбайды, бірақ Hotel TV
ретінде жұмыс істейді. Бұл қонақтардың SBB/STB құрылғысын ағытып, жүйені алдау әрекетіне жол бермейді.
Stand-alone немесе interactive режимдерінің толық параметрлерін орнату үшін 23-26-ші бетті қараңыз (Қонақ үй
параметрінің дерегін орнату: Stand-alone немесе Interactive режимі)
• Қонақтардың ТД жүйесін "алдауына" жол бермеу үшін кей әрекеттерге шектеу қойылуы мүмкін.
• Негізгі мәзірдің (Interactive режимі) немесе Арна мәзірінің болмауы, Негізгі мәзірде Plug & Play (Stand-Alone режимі)
• Дыбыс деңгейінің, Панель пернесін бұғаттау немесе бұғаттамау шектілігі
Қимылсыз суретке қатысты ескерту
Бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, jpeg сурет файлдары) немесе қимылсыз сурет элементін (мысалы, ТД бағдарламасының
логотипі, панорама немесе 4:3 пішіміндегі сурет, экранның төменгі жағынан биржа жаңалықтары не жаңалықтар т.с.с.) көрсетпеуге
тырысыңыз. Қимылсыз суретті үздіксіз көрсету бейнебет люминофорының әркелкі желінуіне алып келеді, нәтижесінде суреттің
сапасына нұқсан келеді. Осы әсердің салдарын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз:
• ТД-дан бір арнаны ұзақ уақыт көрмеңіз.
• Кез келген суретті ТД экранына толық ашып көріңіз, ол үшін ТД-дың сурет пішімі параметрлері мәзірін қолданыңыз.
• Суреттің сапасын қалаған деңгейге қою үшін жарықтылық және контраст мәндерін ең аз мәнге қойыңыз, бұл мәннен
асырсаңыз "бейнебеттің жануы" үрдісі тездетуі мүмкін.
• ТД-дың суреттің басылуын немесе экранның жануын болдырмайтын функцияларының барлығын пайдаланыңыз. Толық
ақпараттарды пайдаланушы нұсқаулығының тиісті бөлімінен қараңыз.
Орнататын жерді қауіпсіз етіп дайындау
Дұрыс желдету үшін құрылғы мен басқа заттардың (мысалы, қабырғалар) арасындағы қашықтықты жеткілікті түрде сақтаңыз.
Әйтпесе, ішкі температураның жоғарылауына байланысты өрт шығуы немесе құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
✎
Тұрғыны немесе қабырғалық аспа жинақты пайдаланғанда, Samsung Electronics бөлшектерін ғана қолданыңыз.
• Б
асқа өндіруші жасаған бөлшектерді пайдаланғанда, құрылғыға зақым келуі немесе құрылғы құлап, адам жарақат алуы мүмкін.
✎
Сыртқы көрінісі үлгі түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Тұрғыға орнату. Қабырғалық аспа жинаққа орнату.
10 см10 см
10 см
10 см10 см
10 см
10 см
Қуат
ON
Қонақ үй ТД-ы
Онлайн режимі
Сауалнама жылд.
20/сек
Stand-alone
режимі
Hotel Mode On
SBB/STB Online, егер
10 әрекеттің біреуі
сәтті болса
SBB/STB
Online-10
рет
қатарынан
сәтсіз болса
SBB/STB
Status-Әр
2сек. сайын
көру
Comentarios a estos manuales