Samsung GT-C3050 Manual de usuario

Busca en linea o descarga Manual de usuario para Teléfonos móviles Samsung GT-C3050. Samsung Мобильный телефон Samsung Stratus Черный руководство пользователя Manual de usuario

  • Descarga
  • Añadir a mis manuales
  • Imprimir
  • Pagina
    / 2
  • Tabla de contenidos
  • MARCADORES
  • Valorado. / 5. Basado en revisión del cliente
Vista de pagina 0
C3050
Printed in Korea
Code No.:GH68-22258A
Kazakh. 03/2009. Rev. 1.0
Ұялы телефон
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Осы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың
бағдарламалық жасақтамасына немесе қызметті
жеткізушіге қатысты өзгеше болуы мүмкін.
Bluetooth QD ID : B015089
www.samsungmobile.com
Қауіпсіздік жəне пайдалану туралы ақпарат
Сақтандыру шаралары
Барлық кезде сақтықпен жүргізіңіз
Жүргізу кезінде телефонды пайдаланбаңыз жəне көлік
жүргізу кезінде ұялы телефондармен пайдалануға
тыйым салу туралы ережелерді ұстаныңыз. Қажеттілігі
туған кезде, қауіпсіздікті ұлғайту мақсатында дауысты
қатайту жабдықтарын пайдаланыңыз.
Қауіпсіздіктің барлық ескертулері мен
ережелерін сақтаңыз
Ұялы телефонды белгілі бір аумақтарда пайдалануға
тыйым салатын кез келген ережеге бағыныңыз.
Тек Samsung-бекіткен жабдықтарды ғана
қолданыңыз
Сəйкес келмейтін жабдықтарды қолдану
телефоныңыздың зақымдануына немесе бұзылуына
əкеліп соғуы мүмкін.
Телефонды медициналық жабдықтардың
жанында сөндіріп қою қажет
Телефоныңыз ауруханалардағы немесе денсаулық
сақтау орындарындағы медициналық жабдықтардың
əсерінен кедергіге ұшырауы мүмкін. Медицина
қызметкерлері тарапынан болған барлық ережелерді,
орнатылған ескертулерді жəне нұсқаулықтарды
орындаңыз.
Ұшақ ішінде ұялы телефоныңызды сөндіріп
қойыңыз немесе оның сымсыз жүргізілетін
қызметтерін өшіріңіз
Сіздің ұялы телефоныңыз ұшақ жабдығының əсерінен
кедергіге ұшырауы мүмкін. Əуежайдың барлық
ережелеріне бағыныңыз жəне əуежай қызметкерлері
талап еткен кезде телефоныңызды сөндіріп қойыңыз
немесе телефонды оның сымсыз жүргізетін қызметтерін
істен шығаратын күйге қосып қойыңыз.
Батареялар мен заряд құрылғыларын
зақымданудан сақтау
Батареяларды өте суық жəне өте ыстық температурада
жарылуға жол бермеңіз (0° C/32° F деңгейінен төмен
немесе 45° C/113° F деңгейінен жоғары). Шектен
тыс температура көрсеткіштері батареяларыңыздың
зарядтау өнімділігі мен жарамдылық мерзімін
төмендетуі мүмкін.
Батареяларды метал нысандарымен қатынасуынан
сақтаңыз, себебі, бұл заттар батареяларыңыздың
+ жəнетерминалдары арасында байланыс
тудырып, батареялардың уақытша немесе тұрақты
зақымдануына əкеліп соғуы мүмкін.
Зақымдалған заряд құрылғысын немесе батареяны
пайдалануға болмайды.
Телефоныңызды ұқыпты жəне орынды
пайдаланыңыз
Телефоныңызды ылғалданудан сақтаңыз- сұйықтықтар
телефонды қатты зақымдауы мүмкін. Телефонды су
қолмен пайдаланбаңыз. Сумен зақымдану телефон
дайындаушысының кепілдігінен босатады.
Телефонды оның жылжымалы бөлшектерінің
зақымдануын болдырмау мақсатында шаң-тозаң, кір
жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
Сіздің телефоныңыз кешенді электрондық құрылғы-
оны қатты зақымдап алмау үшін соғылулардан жəне
ұқыпсыз пайдаланудан сақтаңыз.
Телефонды бояуға болмайды. Бояу телефонның
жылжымалы бөлшектерінің жылжуына кедергі келтіреді
жəне оның жеке əрекеттерін тежейді.
Телефонның камера жарығын немесе өз жарығын
балалардың немесе жануарлардың көздеріне жақын
пайдаланбаңыз.
Телефоныңыз жəне оның жад карталары магниттік өріс
жарылысы салдарынан зақымдануы мүмкін. Магниттік
жабдықтары бар жүк кейстерін немесе жабдықтарын
пайдалануға немесе телефоныңызды магниттік өріспен
ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Басқа электрондық жабдықтар кедергісін
болдырмау
Сіздің телефоныңыз пеймекерлер, құлақ аспаптары,
медициналық жабдықтар мен үй ішіндегі немесе
көліктердердегі басқа да электр құрылғылар сияқты
қорғалмаған немесе дұрыс қорғалмаған жабдықтарға
кедергі келтіруі мүмкін болатын радио жилігіндегі (РЖ)
сигналдарды таратады. Пайда болған кез келген кедергі
мəселелерін шешу үшін электр құрылғыларыңыздың
дайындаушылармен кеңесіңіз.
Маңызды пайдалану ақпараты
Телефоныңызды қалыпты күйде пайдаланыңыз
Телефоныңыздың ішкі антеннасымен байланысуға
болмайды.
Ішкі антенна
Телефоныңызға тек білікті мамандардың ғана
қызмет көрсетуін қадағалаңыз
Біліксіз мамандардың телефоныңызға қызмет көрсетуі
оның зақымдануына жəне дайындаушы кепілдігінің
жарамсыз етілуіне əкеліп соғады.
Батареяның жəне заряд құрылғысының ең
жоғарғы жарамдылығына көз жеткізіңіз
Батареяны зарядтау мерзімінен ұзақ зарядтау
оның жарамдылық уақытын қысқартатындықтан,
батареяларды бір аптадан артық зарядтауға
болмайды.
Уақытынан асырылған, қолданылмаған батареялар
отырып қалады жəне пайдаланылар алдында қайта
зарядтауды талап етеді.
Қолданыста болмаған кезде заряд құрылғыларын тоқ
көзінен ажыратыңыз.
Батареяларды өз мақсаттарында пайдаланыңыз.
Ұялы телефонды жарылу мүмкіндігі бар
орталарда сөндіру
Телефонды жанармай толтыру орындарында (қызмет
көрсету станцияларында) немесе жанармайдың немесе
химиялық заттардың жанында пайдалануға болмайды.
Ескерту белгілері немесе нұсқаулықтар пайда болған
кезде, телефоныңызды сөндіріңіз. Телефоныңыз
жанармай немесе химиялық заттар қоймасының ішінде
немесе маңында жəне тасымал немесе жарылу қауіпі
жоғары аумақтарда жарылыс немесе өрт себебі болуы
мүмкін. Жанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе
жарылғыш
заттарды телефон, оның құрама бөлшектері
немесе жабдықтары бар жерде сақтамаңыз немесе
орналастырмаңыз.
Қайталама əрекет бұзылуларының қаупін азайту
Мəтінді хабарларды жібергенде немесе ойындар
ойнағанда, телефоныңыз бос ұстаңыз жəне
клавишаларды жеңіл басыңыз, басылуға қажетті
клавишалардың санын азайтатын арнаулы
сипаттамаларды пайдаланыңыз (мысалы, үлгілер жəне
жеңілдетілген мəтін) жəне жиі үзілістер жасаңыз.
SIM карталарын жəне жад карталарын
ұқыптылықпен пайдаланыңыз
Телефон белгілі бір ақпаратты жіберу немесе
қабылдау барысында картаны шығарып алуға
болмайды, себебі, бұл əрекет деректердің жойылуына
жəне/немесе картаның немесе телефонның
зақымдануына себеп болуы мүмкін.
Карталарды қатты соққылардан, статикалық тоқтан
жəне басқа құрылғылардан келетін электр шуынан
сақтаңыз.
Жазу жəне өшіру əрекеттерінің жиі болуы жад
карталарының жарамдылық мерзімін қысқартады.
Алтын түсті байланыстарына немесе терминалдарына
саусағыңызды немесе метал нысандарын тигізбеңіз.
Карта кірлеген жағдайда, оны жұмсақ орамалмен
сүртіңіз.
Жедел қызметтерімен қатынасын тексеріңіз
Телефоныңыздан жедел қызмет шақыру кейбір
аймақтарда немесе жағдайларда мүмкін болауы
ықтимал. Қолданыс аясынан тыс немесе дамымаған
аумақтарға саяхатқа шығар алдында жедел қызмет
қызметкерлерімен байланысқа түсудің басқа əдісін
жоспарлаңыз.
Спецификалық Сіңіру Нормасы (ССН) куəлігі
туралы ақпарат
Сіздің телефоныңыз Еуропалық Одақтың (ЕО)
адам ағзасына радио жəне телекоммуникациялар
жабдықтарынан бөлініп шығарылатын радио жиілігіндегі
(РЖ) энергияның əсер ету шектемелерін белгілейтін
стандарттарға сай келеді.
Мұндай стандарттар ұялы телефондардың əсер ету
деңгейінен ағза клеткаларының əр килограмына 2.0 Ватт
шамасында жоғарғы деңгейіндегі аумақтарда сатылуға
жол бермейді. (Бұл Спецификалық Сіңіру Нормасы
немесе ССН ретінде
белгілі)
Сынақ барысында, осы үлгідегі ең жоғары ССН көрсеткіші
əр килограмға 0.709 Ватт тіркелді. Қалыпты пайдалау
кезінде ССН көрсеткіші анағұрлым төмен болады, себебі,
телефонның бұл үлгісі ең жақын жерде орналасқан негізгі
станцияға сигнал тарату қажетті РЖ энергиясын бөліп
шығаруға ғана арналған. Төменгі деңгейлерді автоматты
түрде тарату мүмкіндігі болған кезде, телефоныңыз РЖ
энергиясының
барлық əсерін бəсеңдетеді.
Осы нұсқаулықтағы Сəйкестік Декларациясы
телефоныңыздың Еуропалық Радио жəне Терминал
Телекоммуникациялар Жабдығы (Р жəне ДТТЖ)
директивасына сəйкес келетіндігін көрсетеді. ССН жəне
ЕО стандарттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін
Samsung ұялы телефонының торабына кіріңіз.
Осы өнімді дұрыс жолмен тастау
(Электрлік жəне Электроникалық Жабдық қалдықтары)
(Еуропалық Одақ жəне басқа да жеке жинақ
жүйелері бар Еуропа елдеріндегі қолданысында бар)
Өнімдегі, керек-жарақтардағы немесе
қосымша əдебиеттегі осы таңба өнімнің жəне
оның электрондық керек-жарақтарының
(мысалы, зарядтағыш құрылғысының, құлақ аспабының,
USB кабелінің) қызмет мерзімі аяқталғанда басқадай
тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталмауы қажеттігін
білдіреді. Қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына
зияны тиюі мүмкін бақылаусыз тасталған қалдықтарды
болдырмау үшін осы заттарды қалдықтардың басқа
түрлерінен бөлек айырып
алыңыз да, материал
ресурстарын қоршаған ортаға залалы тимейтіндей қайта
қолданысқа түсіруіңізді сұраймыз.
Үй шаруасындағы пайдаланушылар өнімді қауіпсіз қайта
өңдеуге жіберу үшін осы элементтерді қайдан жəне қалай
алу жолдарын оны сатып алған сауда орнына немесе
жергілікті басқару кеңсесіне хабарласуы қажет.
Іскерлік жолындағы пайдаланушылар өздерінің
шығарушыларымен байланысып, сатып алу келісім-
шарттарының шарттары
мен ережелерін тексеруі тиіс.
Бұл өнім жəне оның электрондық керек-жарақтары басқа
коммерциялық қалдықтармен қатар тасталмауы қажет.
Осы өнім батареяларын сəйкесінше жою
(Еуропа Одағы мен жеке батарея қайтару жүйелері
бар басқа еуропалық елдерде қолданылады)
Батареядағы, нұсқаулықтағы немесе орамдағы
бұл таңба бұл өнімдегі батареяның өз қызмет
ету мерзімінің соңында басқа тұрмыс қалдықтарымен
бірге жойылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Белгіленген
жердегі Hg, Cd немесе Pb символдары батареядағы
сынап, кадмий немесе қорғасын мөлшері 2006/66
ЕО Директивасындағы көрсетілген деңгейден асып
түсетіндігін білдіреді. Егер батарея тиісінше жойылмаған
болса, бұл заттар адам денсаулығы немесе қоршаған
ортаға
зиянын тигізуі мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғау үшін жəне материалдық
қайта пайдалануды қолдау үшін батареяларды басқа
қоқыс түрлерінен ажыратып алыңыз жəне жергілікті, тегін
батареяларды қайтару жүйесі арқылы қайта пайдаға
асырыңыз.
Қауіпсіздік ескертулері
Ұялы телефоныңызды балалардан жəне үй
жануарларынан алшақ ұстаңыз
Телефоныңызды жəне оның жабдықтарын кішкентай
балалардан немесе жануарлардан алыс ұстаңыз.
Телефонның ұсақ бөлшектері жұтылған жағдайда,
өңешке тұрып қалуы немесе өте ауыр жарақаттауы
мүмкін.
Есту жүйеңіздің қорғанысы
Құлақ аспабын жоғары үнділікте тыңдау есту
жүйеңізді зақымдауы мүмкін. Əңгімеңізді
естуге немесе саз тыңдауға жеткілікті
үнділіктің ең төмен орнатуын пайдаланыңыз.
Ұялы телефондарын жəне жабдықтарын
сақтықпен орнату
Көлігіңізге орнатылған ұялы телефондарыңыздың немесе
оларға қатысты жабдықтардың берік бекітілгендігіне көз
жеткізіңіз. Телефоныңызды жəне оның жабдықтарын
көліктің қауіпсіздік жастығы орналасқан аумақта немесе
жанына қоймаңыз. Қауіпсіздік жастығы бірден желге
толып кеткен жағдайда дұрыс орнатылмаған сымсыз
жабдықтар ауыр жарақаттануыңызға себепші болуы
мүмкін.
Батареялар мен заряд құрылғыларын күтіммен
пайдалану жəне орнату
Телефоныңызға арналып жасалған тек Samsung-
бекіткен батареялар мен заряд құрылғыларын
пайдаланыңыз. Сəйкес келмейтін батареялар мен заряд
құрылғыларын пайдалану телефоныңыздың қатты
зақымдануына немесе бұзылуына əкеліп соғуы мүмкін.
Батареяларды ешқашан отқа тастамаңыз. Қолданылған
батареяларды тастау жұмыстарын жергілікті ережелерге
сəйкес жүргізіңіз.
Батареяларды немесе телефондарды қысқа толқынды
пештер, плиткалар немесе радиаторлар сияқты жылу
көзі болатын құрылғылардың үстіне немесе ішіне
қоймаңыз. Батареялар қатты қызып кеткен жағдайда
жарылуы мүмкін.
Батареяларды сындыруға немесе тесуге болмайды.
Батареялар жоғары сыртқы қысымда жаруға болмайды.
Бұл ішкі қысқа мерзімдік түйісу жəне қызып кету қауіпіне
əкеліп соғуы мүмкін.
Пейсмекерлер кедергісінен алшақ болу
Дайындаушылар мен Сымсыз Технология. Зерттеу
жұмысының тəуелсіз зерттеу тобы берген кеңестер
бойынша ықтимал кедергілерді болдырмау мақсатында
ұялы телефондар мен пейсмекерлер ара қашықтығын
кем дегенде 15 см (6 дюйм) етіп алыңыз. Егер
ұялы телефоныңызға пейсмекер немесе басқа да
медициналық құрылғы арқылы кедергілердің болуына
қандайда болмасын күмəніңіз болса, шұғыл түрде
телефоныңызды сөндіріңіз де, келесі нұсқаулықтар
алу
мақсатында пейсмекер немесе медициналық құрылғы
дайындаушысымен байланысыңыз.
Қауіпті немесе заңсыз жағдайларды болдырмау мақсатында келесі қауіпсіздік ережелерін
ұстаныңыз жəне ұялы телефоныңызды жоғары өнімділікпен қамтамасыз етіңіз.
Сəйкестік Декларациясы (Р жəне ТТЖ)
Біз,
Samsung Electronics
өзіміздің айрықша жауапкершілігіміз арқылы осы Декларацияға қатысты
GSM Ұялы телефоны : C3050
өнімінің келесі стандарттарға жəне/немесе басқа да нормативті құжаттарға
сəйкес келетіндігін мəлімдейміз.
ҚАУІПСІЗДІК EN 60950- 1 : 2001 +A11:2004
EMC EN 301 489- 01 V1.6.1 (09-2005)
EN 301 489- 07 V1.3.1 (11-2005)
EN 301 489- 17 V1.2.1 (08-2002)
CCH EN 50360 : 2001
EN 62209-1 : 2006
РАДИО EN 301 511 V9.0.2 (03-2003)
EN 300 328 V1.7.1 (10-2006)
Біз осылайша [барлық негізгі радио сынақ сəйкестіктері жүзеге асырылған
жəне] жоғарыда аталған өнімнің 1999/5/EC Директивасының барлық негізгі
талаптарына сай келетіндігін мəлімдейміз.
Сəйкестік деңгейін бағалау үрдісі 10-бапқа сəйкес жүргізілді жəне 1999/5/EC
Директивасының Қосымша [IV] ережелерімен егжей-тегжейлі қарастырылды
жəне оған келесі Жарияланған Ұжым (Ұжымдар) жұмылдырылды.
BABT, Balfour House, Church eld Road,
Walton-on-Thames, Surrey, KT12 2TD, UK*
Сəйкестендіру белгісі: 0168
Техникалық құжатнаманың сақталған орны:
Samsung Electronics QA Lab.
жəне ол талап етілген кезде қол жеткізіледі.
(ЕО-тағы өкілдігі)
Samsung Electronics Euro QA Lab.
Blackbushe Business Park, Saxony Way,
Yateley, Hampshire, GU46 6GG, UK*
2009.02.26 Yong-Sang Park / Бас менеджер
(берілген орны жəне күні) (өкілетті тұлғаның аты-жөні мен қолы)
* Бұл Samsung Қызмет Көрсету Орталығының мекенжайы болып табылмайды.
Samsung Қызмет Көрсету Орталығының мекенжайы мен телефон нөмірін
кепілдік картасынан қараңыз немесе телефоныңызды сатып алған жермен
байланысыңыз.
Vista de pagina 0
1 2

Indice de contenidos

Pagina 1 - Пайдаланушы

C3050Printed in KoreaCode No.:GH68-22258AKazakh. 03/2009. Rev. 1.0Ұялы телефонПайдаланушы нұсқаулығыОсы нұсқаулықтың кей бөлігі телефоныңыздың бағдарл

Pagina 2 - • 1] басыңыз

Телефон құрылымыНұсқаулық белгішелеріЕскерту: Ескертулер, пайдалану кеңестері немесе қосымша ақпаратОдан кейін: қадам орындауыңыз үшін таңдалатын опц

Comentarios a estos manuales

Sin comentarios